Ел-арна қолфон нұсқасы | "Ел-арна қолфон нұсқасы түсіру (Android)

توتەشە

Барлық ең жаңа маліметтер --- Ел-арнада

Дүниеде болып жатқан ең соңғы мәліметтер осында.

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс телефондарымыз: 13609711843, QQ: 510690282

АРТЫҚБАЕВ АРТЫҚ КЕТТІ НЕМЕСЕ ҚЫРЫҚ КІСІ БІР ЖАҚ, ҚЫҢЫР КІСІ БІР ЖАҚ





Түрі: Халық сөзі гәзеті

Жолданған уақыты: 14:23 - 2013/04/26


Нақты қайнарын мына арадан басып коріңіз:
http://www.halyksozi.kz/news/view/id/2352

Қосымша қайнары: http://www.elarna.com/koru_kk.php?tur=10&id=129954
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.com/koru.php?tur=10&id=129954

توتە جازۋ نۇسقاسى: http://www.elarna.com/koru.php?tur=10&id=129954


Elarna.Com Printed Version.

АРТЫҚБАЕВ АРТЫҚ КЕТТІ НЕМЕСЕ ҚЫРЫҚ КІСІ БІР ЖАҚ, ҚЫҢЫР КІСІ БІР ЖАҚ



«Халық сөзі» газетінің 2013 жылғы сәуір айының 10-ы күнгі санында тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаевтың «Қолдан қаһарман жасаудың халыққа пайдасы қанша? Немесе Социал Жұмабаев тарихпен емес, фантастикамен айналысса, көп жетістікке жетер ме еді?!» деген тақырыпта сұхбаты жарияланды. Оқырманымызға түсінікті болу үшін айта кетейік, мақала мазмұнының түйіні, тақырыбында жазылғандай Қожаберген жырау тарихта болмаған, қолдан жасалған қаһарман. Бәрі Социал Жұмабаевтың фантастикасы. Осы қарсы мақаланы бір жағынан жетпіс алтыға келген шағымда, әсірелеп айтсақ, кәрі қойдың жасындай уақыт қалғанда «фантастик» деп аталып қалмау үшін жазып отырмын. Бірақ, Артықбаевтың «қылышы» маған ғана сілтенген жоқ. Сенің «қылышың» мақалаңда жазылғандай қасиетті қара шаңырақ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институттарына, яғни өзің бұтағында отырған бәйтерекке, бүкіл қожабергентанушы ғалымдарға сілтенген қылыш екенін түсіну қиын емес. Дөрекілеу болса да айта кетейін, мен шығарған мақал емес, «ит ашуын тырнадан алады» дегендей аталмыш кітаптағы Қожаберген туралы жазған Манаш Қозыбаев, Тұрсынбек Кәкішев, Кәкімбек Салықовтарға тісің батпай, мені ғана фантаст қылғаның бір жағынан дұрыс та шығар. «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» – деген шығарсың
Енді сөзімізді Жамбыл Артықбаевтың даулы сұхбатының желісі бойынша жалғастырайық.
Автор «Қазақ тарихында Қанжығалыға ұран болған Толыбай сыншыдан басқа сыншы жоқ» – дей келе Қожабергеннің әкесі Толыбай сыншы Дәуленұлын тарихтан сызып тастайды. Бұлай етуінің жөні де бар. «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Солтүстік Орталық Қазақстан қазақтарының этноәлеуметтік құрылысы» тақырыбында ғылыми диссертация қорғаса да Керей шежіресін жетік білмегені көрініп тұр.
Этнография саласын зерттей жүре Марат Мұқановтың «Өткен тарихтан» («Из исторического прошлого» атты этнографиялық кітабын оқымаған («Из исторического прошлого». Алматы. 1998). Егер оқыған болса Көшебе Керейдің атақты ру басшысы Толыбай сыншы Дәуленұлын жоққа шығармаған болар еді. Марат Мұқанов бұл шежіре кітабында Қожаберген аталарын былай таратады: (қысқаша) «Көшебе → Қараораз → Таузар → Дәулен батыр → Толыбай → Қожаберген жырау (автор песни «Елим-ай»). («Из исторического прошлого». 129 стр).
Көшебе Керей Толыбайдың өмірде болғанына атақты ақындардың бірі Жанақ Төлекұлы (1743-1821 ж.ж.) «Ордабасы – Ұстазым» атты өлеңі де дерек бола алады.

Орта жүз керейдегі Көшебеден,
Ер шыққан Толыбайұлы Қожаберген.
Әрқашан жауды жеңіп жүргеннен соң,
Жұрт оған Ордабасы атақ берген.
Тұсында әз-Тәукенің ғаскер бастап,
Ханнан да, халқынан да алғыс алған.
Көз жұмды жүзден асып есіл сабаз,
Оған да опа болмай дүние жалған.
Хисса-өлең шығаруды көріп мақұл.
Қожекең топтан асқан болды ақын.
Барғанда он алтымда бата алуға,
Тигізген біздерге де шарапатын.
(Нәбиден Әбуталиев. «Шоқ жұлдыз». Алматы, 1998 ж. 15 бет).

 Ал қазақ арасында кең тараған тұлпардың басын тану туралы аңызға айналған әңгімені Көшебе Толыбай мен Қанжығалы Толыбайдың қайсысы бұрын айтқанын ешкім басып айта алмайды. Бір аңыз-әңгіме аттас адамдардың екеуіне де телініп кетуі ғажап емес. Сондықтан Сейдімбеков Ақселеуді алға сала бергеннің қажеті жоқ.
Автор одан әрі «Көрұғлы» жыры, «алаша» сөзі, қазақ-қытай соғысы, Әмірсана туралы, қазақ-қытай соғысының аяқталуы туралы орынды-орынсыз, білімдарлығын білдіру үшін жазғандарына тоқталмадық.
Мақала авторы одан әрі былай дейді: «Менің білетінім «Дауылпаз баба – Қожаберген жырау» өмір сүрген жүз жылдықта (1663-1763 жылдар) тарихи құжаттар мен елдің аузындағы әңгімеге мысал болған бір ғана Қожаберген белгілі. Ол он екі ата Абақ-Керейдің ішінде Шұбарайғырдан шыққан Қожаберген батыр».
Даудың басы осында тұр, яғни автор екі Қожабергенді біреу қылып, оны Шұбарайғыр Қожаберген етуде. Ау, сонда Астана, Петропавл қалаларында және Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының екі-үш ауылында тұрып жатқан Көшебе Керей Қожаберген Толыбай сыншыұлының ұрпақтарын қайда қоямыз? Сондықтан кеңінен түсініктеме беруге тура келді.
Автор Толыбай сыншыұлы Қожабергенмен (1663-1763) Шұбарайғыр Нәрікұлы Қожабергенді (1725-1794) алмастырып отыр. Екі тұлғаның ұқсастығы екеуі де Керейдің Ашамайлы (Ғали) атасынан тарайды. Бірақ тарихи деректерде Қожаберген Толыбай сыншыұлын Ашамайлы керейден, ал Қожаберген Нәрікұлын Абақ керейден таратып жүр. Бұл Керей шежіресінің түзілуін білмегендіктен кеткен қателік, Абақ керей Ашамайлы керейден тарайды. (Бұл бөлек әңгіме). Шежіре таратсақ:
Керей → Мәңліқаған → Арыстанбек → Наурызхан → Ғали (Ашамайлы), Меркіт.
Ғали → Төбей → Әзизбек → Жорғақ → Қажыған → Әлмұхаммед → Уызбай → Жанай → Бағлан. Бағлан бидің бейіті Ресейдің Қорған облысына қарасты Звериноголовка (Бағлан) қалашығының түбінде. Осы Бағлан биден үш бала: Архад, Фархад, Сарымұрат туады. Қожаберген Толыбай сыншыұлы Фархад Бағланұлынан тараса, Қожаберген Нәрікұлы Сарымұрат Бағланұлынан тарайды. Сарымұраттан он екі бала туады: Жантекей, Жәдік, Қарақас, Шұбарайғыр (Қожаберген Нәрікұлының атасы), Ителі, Шимойын, Шеруші, Меркіт, Молқы, Қансадақ, Жастабан, Құлтайболат. Осылардан тараған ұрпақтар Абақ Керей деп аталып кеткен.
Керей руының атақонысы жайлы Қожаберген жырау өзінің «Ата тек» деген дастанында былай дейді:

Атанған бабам Ғали «Ашамайлы»
Өсірген мыңдап тайлақ, құлын-тайды.
Сібірге ұрпақтары қоныстанып
Ел болып ерте кезден қанат жайды.

Шалқар көл, ну орманды Сібір жері
Сібірді мекен еткен Керей елі.
Егін сап, күн көрудің қамын ойлап
Басқосып кеңес құрған би мен бегі.

Патшалық Ресей мемлекеті осы атақоныста отырған Кіші керей деп аталған Жәнібек Бердәулетұлы басқарған Абақ керейлерді бөлек хандық құрып береміз деп алдап Құлынды даласына жер аударады. Құлынды даласынан Алтайға көшкен Абақ керейлерді Қытай мемлекетінің өздеріне қаратып алғанын тарихтан білеміз. Біраз Керейлердің Монғолияның Баян-Өлгей жеріне қоныс аударғаны да тарихқа мәлім. Бұлардың арасында Абақ Керейдің Шұбарайғыр атасынан тарайтын Қожаберген Нәрікұлының да әулеті болған.
Бұл екі Қожабергеннің тағы бір ұқсастығы – екеуі де қазақ-қалмақ соғысының батырлары, бірақ Қожаберген Нәрікұлы Абылай қолы батырларының бірі болған адам.
Қожаберген Толыбай сыншыұлы 1663 жылы туып, 1763 жылы қайтыс болып, жүз жасаған адам. Денесі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданына қарасты Гүлтөбе жеріндегі әкесі Толыбай сыншы қорымына жерленген. 2001 жылы зираты басына кесенесі салынған.
Қожаберген Нәрікұлы 1725 жылы Ақмола облысының Қорғалжын ауданы жерінде туып, 1799 жылы Омбы облысының Тукала ауданы, Әлімбет қыстауында қайтыс болған.
Қарап отырсақ, көшебе Қожаберген Толыбай сыншыұлы Қожаберген Нәрікұлы батырдан 62 жас үлкен екен. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Нәрік батыр өзінің баласына (Қожабергенге) ырымдап Қожаберген жыраудай атақты адам болсын деп оның есімін берген екен. Осыншама жас айырмашылығы бар адамдарды алмастырып тарихты бұрмалау, әсіресе, әдебиет-тарихты зерттеушімін деп жүрген адамдарға ұят іс. Көшебе Қожаберген өмірден өткен 1763 жылдар Нәрікұлы Қожабергеннің Абылай ханның бір қолын басқарған атақты батырларының бірі болып, тарихқа аты шыға бастаған уақыты болатын. Көшебе Қожабергеннің қазақ-қалмақ соғысының Абылайға дейінгі батыры болғаны да белгілі және де өзін ешкіммен алмастырмайтын етіп шыққан ата тегін, елін былайша жазып кеткен:

Ақылына күші сай
Танаш биден жаралдық
Мекендеп Батыс Сібірді
Қалың ел боп таралдық.
Танаштың ұлы Көшебе
Біздің арғы бабамыз
Өсіп өндік сол ерден
Кемімес бедел-бағамыз
Көшебенің тұңғышы
Жауынгер бабам ер болған
Темірдің қолын басқарып
Мұсылманға бел болған
Орта жүздің ішінде
Ашамайлы Керейде
Толыбай сыншы ұлымын
Тұлпар мініп, ту алған
Тыныштық кезең болғанда
Мағына айтқан құраннан.

1991 жылы Моңғолиядағы Баян-Өлгей аймағының тұрғыны Р.Б.Уәтхан мырза Қожаберген Толыбай сыншыұлының әдеби мұрасын өз аталары Қожаберген Нәрікұлына телімек болып, 1991 жылы 22 қараша күнгі Шалқар газетіне «Қожаберген – жырау әрі батыр» деген атпен мақала жариялатқан болатын. Кезінде бұл автордың теріс пиғылын әшкерелеп Сейітқали Карамендин бастаған біраз зерттеушілер қарсы мақалалар жазған болатынбыз. («Мәдениет» газет. 1992 ж. қазан айын. № 16, 31).
1993 жылы Баян-Өлгейдегі Нәрікұлының ұрпақтары (үш адам) Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданындағы Қожаберген жырау ұрпақтары тұратын Айымжан ауылына арнайы келгенінің де куәсі болған едік. Бұл туыстар сол жолы өздерінің шежірелерін білмегендіктерінен болған қателіктерін мойындаған. Құдайы қонақ қылып аттандырған едік. Екі жақтан да түсіністік болған еді. Алайда, Қожаберген Толыбай сыншыұлының қоғамдық қызметі мен шығармашылығын Қожаберген Нәрікұлына телу ісін  Жамбыл Артықбаев дерексіз, дәйексіз жалғастырып отыр.
 Жамбылдың Қожабергентану ісінен мүлдем хабары жоқ екенін мына сөзінен байқауға болады: «Қожаберген жырау – сардар» аты 90-шы жылдардан бері аталып жүр. Кәсіби ғалымдар емес, көбінесе ғылым маңайындағы адамдар тарапынан айтылғандықтан ешкім де бұл мәселеге көңіл аудармады-ау деймін» (Қожаберген жырауды түбегейлі зерттеу ісі кезінде бас тарихшы болған Манаш Қозыбаевтан басталғанын білсе де қиястықпен жазып отырғаны белгілі). Әрине, білмегенді айыптауға болмайды. Сондықтан Қожабергентану ісіне арнайы тоқталуға тура келді.
Қожаберген жырау Толыбай сыншыұлы 1879 жылы халқымыздың тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарыұлы құрастырып, Орынборда жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» жинағынан, сол Ыбырай Алтынсарыұлының өзі қайтыс болған соң, жеті жылдан кейін 1896 жылы Қазан қаласындағы баспадан жарық көрген «Мәктубат» жинағын, 1983 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» жинағынан, 1991 жылы «Өнер» баспасынан жарық көрген әдебиетші-ғалым Т.Сүлейменовтің «Сегіз сері» атты монографиясынан, хандық дәуірдегі әдебиет жинағынан орын алғандығы белгілі. Қожабергеннің өмірі мен қоғамдық қызметі жайында аудандық, облыстық газеттерде, республикалық газет-журналдарда бірнеше ғылыми-зерттеу мақалалар жарияланғандығы оқырмандарға аян іс. Сонымен қатар, белгілі жазушы Н.Әбуталиев 1991 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Сегіз сері» атты әдеби зерттеу еңбегінің бірінші тарауын Қожабергенге арнады. Тағы да Н.Әбутәлиевтің 1995 жылы «Жеті жарғы» баспасынан «Ордабасы Қожаберген» атты тарихи-әдеби зерттеу еңбегі жарық көрді. Сондай-ақ, сөз зергері Н.Әбуталиевтің 1998 жылы жарық көрген «Шоқ жұлдыз» атты әдеби зерттеулер жинағынан Толыбай сыншыұлы жыраудың өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректер орын алды.
1988 жылы «Мәдениет және тұрмыс» журналының 6-санында, 1991 жылы «Ұлан» газетінде, 1991-1992-1993 жылдары «Дала дидары» (кейін «Ауыл» газеті аталған) газетінде Қожаберген ақынның «Елім-ай» жыр-дастанының бірінші бөлімі түгел және екінші бөлімінің бас жағы жарық көрді. 1993 жылы «Орталық Қазақстан», «Алматы ақшамы» газеттерінде Толыбай сыншыұлының «Баба тілі» дастанының үзіндісі жарияланды. Қожаберген жыраудың өмірі мен шығармаларын зерттеу ісіне Қазақстан ғылыми орталығы 2000 жылдардан бастап қолға ала бастады деуге болады. 2000 жылдың 19-21 желтоқсан күндері Петропавл қаласында «Қожаберген жырау Толыбай сыншыұлының Отан тарихы мен қазақ поэзиясында алатын орны» деген тақырыпта Қазақстан Республикасы ғылым академиясының ғылыми-теориялық конференциясы болды. Конференция сол кездегі ғылым академиясының президенті Нағима Айтқожинаның басқаруымен өтті.
Конференцияда бас баяндаманы «Дауылпаз баба  Қожаберген» деген тақырыпта сол кездегі Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы тарих және этнография институтының директоры, академик Манаш Қозыбаев жасады. Манаш Қозыбаев осы баяндамасында «Елім-ай» дастанын «Елім-ай» шын мәнінде ұлттық сананың биік шыңы, ұлттың сергелдеңге душар болғандағы мұңы, болашаққа құлаш сілтеп, қайсар намысшыл қазақтың ұлт болмысын жаңғыртуға ұмтылысының шаншыла атқан қайнар жыры да сыры. «Елім-ай» ұлтымыздың Илиада мен Одиссеиясындай эпикалық өміршең трагедиясы» – деп бағалады. «Қожаберген есімі әз-Тәуке хан, Абылай хан, Әбілхайыр хан, Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би сияқты ұлтымыздың ұлыларының қатарында Отан тарихында хатталады», - деп жазды. Манаш Қозыбаевтың осы конференцияда жасаған баяндамасын, жырауға берген жоғарыдай бағасын Артықбаев мырза оқымады емес оқыды. Бүгін аруағымен айтысқанша тарихқа жанашыр ғалым болса сол уақытта неге үнсіз қалды!?
«Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды», – деп осындайда айтылған болар.
Осы конференцияда Қожабергентану проблемалары хақында жиырма шақты баяндама жасалды. Қазақстанның көрнекті ғалымдары, ақын-жазушылары қатынасқан конференция екі күн жұмыс істеп, Қожабергентану ісін қолға алу, есімін ұлықтау шараларын бекіткен болатын. Осы конференцияның ықпалымен жыраудың ата қонысы Гүлтөбе жеріндегі сүйегі жерленген қорымға мазар орнатылып, 2001 жылы 24 тамызда жырауға арнап ас берілді. Петропавл қаласындағы № 6 қазақ мектебі жыраудың атымен аталды.
2003 жылы жыраудың қолда бар шығармаларының жинағы 500 тиражбен басылды. 2007 жылы бұл жинақ 3000 тиражбен қайтадан шықты.
2009 жылдың қыркүйек айында «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылды. Қордың төрағасы болып ұлтжанды азамат, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атағының иегері, сол кездегі облыстық соттың төрағасы Бекет Тұрғараев сайланды. Бекет Тұрғараевтың бастамашылдығымен жыраудың «Елім-ай», «Баба тілі» дастандары бөлек-бөлек сыйлық кітапшасы етіп, әрқайсысы бір мың данадан шығарылды.
2010 жылы 22 сәуірде Преснов селолық әкімінің № 13 шешімімен жыраудың туған жері Жамбыл ауданының орталығы Преснов селосының орталық алаңына Қожаберген жырау аты беріліп, ескерткіш мүсіні салынды.
2010 жылы 4 мамырды Петропавл қаласында республикамыздың атақты ғалымдары, мемлекет қайраткерлері қатысқан конференциясы болды. Конференцияның тақырыбы  «Өлке тарихы - тұлғалар тағдыры» деп аталды. Конференция өлкеміздің тарихының проблемаларымен қатар қожабергентану ісін жақсарту туралы шешім шығарды.

Қожаберген жырау туралы жоғарыда аталған Петропавл қаласында өткен екі конференцияда және биылғы жылдың 1-наурызында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институттары бірігіп «Қожаберген жырау – Ұлы дала дауысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда барлығы алпыстан астам баяндамалар жасалып республикалық баспаларда осы уақытқа дейін жиырма екі ғылыми зерттеу мақалалар жарық көрген екен.
Оқылған баяндамалар мен жазылған зерттеу мақалалар санымен алғанда қожабергентанушы-зерттеушілердің саны сексеннен асады. Осылардың бәрін фантаст деуге бола ма?!
Автор «Елім-ай» дастанын Қожаберген жырау атынан басқа біреу шығарған дейді. Атақты тарихшы Манаш Қозыбаев «Илиада мен Одиссеяға» теңеген дастанды ол адам өзі атынан шығаруға ұялды ма?! Мұндай дастанды шығарған ақынның басқа шығармалары болмай ма?

«Мысалы, «Елім-айды» оқысақ Ресейдің тарихи-географиялық әдебиетінде ХІХ ғасырда пайда болған ұғымдар өріп жүр. Мысалы – «Жоңғария», «Батыс Сібір», «Шығыс Түркістан» т.б. Ал ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда жасаған «Дауылпаз баба – Қожаберген» оны қалай біліп алған?» - дейді автор. «Елім-ай» дастанын жырау ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында жазса, Жоңғар мемлекеті бір ғасыр бұрын ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысында құрылды. Сол уақытта «батыс», «шығыс», «Сібір» сөздерінің басқа атаулары болғаны ма?
Автордың өзін зор, басқаларды қор санайтыны мына бір сөзінен де көрініп тұр. «Тәуелсіздікті жаңа алған заманда ірілі-ұсақты шенеуніктердің бәрі ғылыми атақ алды, «ерінбеген етікші болады» деген сияқты, ерінбеген адам доктор атанды... Менің білуімше әдебиетте де осы жағдай, Қазақстан Жазушылар одағына мүше саны 777-ден асты дейді, олардың қаншасы шын, қаншасы самопал екенін кім айырады, 777-дің орнына 7 болса сенімді болар еді» – деп, Қожаберген жырау мен тарихшыларды былай қойғанда жай жатқан Жазушылар одағына төтеден келіп орынсыз тиіскен.
Артықбаевтың бұл сұхбаты ғылым үшін, тарихи шындық үшін емес, Қожаберген жырауды саналы түрде жоққа шығару үшін жазылған. Бұл тарихшы ғалым үшін қылмыспен бірдей.
Социал ЖҰМАБАЕВ

 






Нақты қайнары: http://www.elarna.com/koru_kk.php?tur=10&id=129954


Тәлеиіңізге кез келген ел-арна өз гәзеті мақалалар легі

1 Оралда жоғалып кеткен мұғалім әлі табылған жоқ
2 ҚАЗАҚТЫҢ БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫНА СЕРПІЛІС БЕРГЕН ІРГЕЛІ БІЛІМ ОРДАС
3 Айсұлу ТҰРСЫНБАЙҚЫЗЫ. «Демонстративті» қоғам.
4 Ресеидің сыртқы істер министрлігі: укрәйнә шығыс өңтүстік бөлег
5 Қазақ тілінің қорғаны
6 Астанаға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері жиналды
7 Тiске қатысты iс...
8 Шифердің 70 пайызы шетелге шығарылады
9 100 мыңнан аса жерлесіміз шетелде лаңкестік ұйымдар жетегінде ж
10 Ғазиз Алдамжаров. Өмірбаян. Alashainasy.kz

Пікірлер:


Жолаушы: #3136، Уақыты: 14:50 - 2013/04/28

Даңғайыр ақын, даңқты қолбасы көшебе керей Қөжәберген жайлы тарихи құжаттарды, әрхивтік құжаттарды тездіп жарыққа шығару керек. Әйтпесе ел ішіндегі оны жоққа шығарып жатқан гу-гу әңгіме түбі шындыққа айналуы мүмкін. Көшебе Қөжәбергенмен бір заманда өмір сүрген оның руласы абақ керей Қөжәберген батыр жайында монғолияда, қытайда деректер сақталған. Талай соғыста көзге түскен хас қолбасы Көшебе Қөжәберген жайында да сондай деректердің сақталмауы мүмкін емес қой. Оның тарихта халқы үшін атқарған қізметін дәлелдеп көрсеткен сондай тарихи құжаттар керек. Сонда ғана көшебе Қөжәбергеннің түбі шикі деген әңгімеге тоқтау салынады. Мұны істемесеңдер көшебе Қөжәберген жайлы әңгіме өрши береді. Абақ Қөжәберген жайында 18 ғасырда жазылған деректерді гәзеттерге жариялап жатыр емес пе. Беке, Социал ақсақал сіздер де солай істеңіздер. Өйтпесеңіздер бұл сенбейді.


Жолаушы: #3135، Уақыты: 23:53 - 2013/04/27

Көшебе керей Қөжәберген туралы талас-тартыстың тууы оның да өтірік екенін аңғартады. Әйтпесе шулы әңгіме қозғалмас еді.


Жолаушы: #3118، Уақыты: 18:33 - 2013/04/26

Қөжәберген шығарды дейтін "Елім-ай" дастаны өлең емес.Ол Қаратай Биғожин дегеннің шалдыр-шәтпәғі.Сөз танымайтын бозбастар мұны өлең деп жүр. Социал деген ардан жұрдай адам екен.Сөзге тоқтамайды.Ақылы кемдіктен.


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Ең жаңа мақалалар


Геннадий Головкин Алмат 9 min
Жамбылдық студенттердің 15 min
Жезқазғанда екі полиция 24 min
Қазақстан Эболамен күре 1 sagt
Еліне үш алтын әкелген 1 sagt
Шығыс Қазақстан облысы 1 sagt
"Қазақмыс" тобы атауын 1 sagt
Жезқазғанда екі полицей 1 sagt
82 жыл дәурендеп тұрған 1 sagt
"На вершине Тенгри" кон 2 sagt
Аралдық қос жеткіншек қ 2 sagt
«Арыстан» хоккей клубын 2 sagt
"Внуководағы" ұшақ апат 2 sagt
Шенеуніктер Snickers шо 2 sagt
Жаңа ережелердің бекіті 2 sagt
Елбасы Ержанға жауап жа 2 sagt
Қазақстанда 1000-нан ас 2 sagt
Оралда самбодан халықар 3 sagt
Жол-көлік оқиғасына кін 3 sagt
Көкшетауда жергілікті а 3 sagt
2016 жылы «Астана-Темір 3 sagt
Әкім мен министрлер саб 3 sagt
"Алаш айнасы" мен "Senk 3 sagt
Шежіре - Ботбай руы. Ш 3 sagt
Алматыда ауаның ластану 3 sagt
Бекарыс қадам жасады 3 sagt
Шымкентте мүлікті заңда 3 sagt
Жәбірленгендер үшін жек 3 sagt
Тәжікстан электр энерги 4 sagt
«Нұр Отан» партиясы «Жа 4 sagt